Бизнесті қорғау

 

    Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелерін ерекше бақылауға алды.

   Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын қорғау мақсатында Іле ауданы прокуратурасымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасының қызметкерлері және Іле ауданының кәсепкерлер палатасы филиалының басшылығының құрамынан мобильді топ құрылды (тел. 87757558885, 87026756667).

   Прокуратура органдарының жұмысы бизнес үшін жағымсыз салдар туындағанға дейін мемлекеттік органдардың өлшеусіз әрекеттерінің жолын кесуге бағытталуда.

   Мәселен ағымдағы жылы Іле ауданы прокуратурасының талдау жұмыстарының нәтижесінде салық органдарымен 304 кәсіпкердің банктік есеп шоттарына заңсыз шектеулер қойылғандығы анықталды.

   Прокурорлық ықпал ету актісінің негізінде заңсыз қойылған шектеулердің күші жойылып, лауазымды тұлғалар жауапкершіллікке тартылды.

 

 Іле ауданының прокуратурасы

 

 

 

 

 

 

Хабарландыру

Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономика министрлігінің 18 желтоқсан 2014 жылғы №150 қаулысымен бекітілген тұрғындар және өзге де қызығушы тұлғалар алдындағы реттелетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну бойынша табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жылдық есеп жүргізу Ережесіне сәйкес, тұтынушылар мен өзге де қызығушы тұлғаларға 2018 жылдың 20 сәуірінде сағат 15-00-де Қабанбай батыр, 78 мекен-жайында болатын 2017 жылға арналған сумен жабдықтау және су бұрудың реттелетін қызметтерін ұсыну бойынша қызметінің жылдық есебі бойынша тыңдау жүргізілетінін хабарлаймыз.

«Жетісу Су құбыры» ҚМКК әкімшілігі

Есепті қарап шығу

 ══════════════════════════════════════════════════════════════════════════════════

Техникалық шартты рәсімдеуіне online – өтінім

2018 жылдың 1 ақпанынан бастап Сіз өзіңіздің үйіңізді немесе нысаныңызды қалалық сумен жабдықтау және кәріз желілеріне қосу үшін техникалық шарттын рәсімдеуіне online – өтінім бере аласыз. Ол үшін, Сіз «Тех.шарт» тарауында таба алатын қажетті құжаттардың көшірмелерін және толтырылған өтініш бланкісін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. e-mail – на жіберіледі. Сіздер жіберген құжаттар пакеті «Жетісу Су құбыры» ҚМКК түскеннен кейін өндірістік-техникалық бөлім мамандары қосылудың техникалық мүмкіндігіне  тексеріс жүргізеді. Құжаттарды қарастыру 5 жұмыс күнін алады, содан кейін сіздің e-mail – ға  хабарландыру келеді. «Жетісу Су құбыры» ҚМКК өндірістік-техникалық бөліміне құжаттардың түпнұсқасымен келуіңіз кажет.

 Жұмыс кестесі: Дүйсенбі ден жұмаға дейін

9-00 ден 17-00 дейін, түскі үзіліс 12-00 ден 13-00 дейін

 ══════════════════════════════════════════════════════════════════════════════════

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 қазан 2011 жылғы №1246  қаулысымен бектіліген тұрғындар және өзге де қызығушы тұлғалар алдындағы реттелетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну бойынша табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жылдық есеп жүргізу Ережесінің 7 бап 7-3 тармағына сәйкес, тұтынушылар мен өзге де қызығушы тұлғаларға 2017 жылы 14 сәуірде сағат 15-00-де Қабанбай батыр, 78 мекен-жайында болатын 2016 жылға арналған сумен жабдықтау және су бұрудың реттелетін қызметтерін ұсыну бойынша қызметінің жылдық есебі бойынша тыңдау жүргізілетіні туралы хабарлаймыз. 

«Жетісу Су құбыры» ҚМКК әкімшілігі

Есепті қарап шығу