Талдықорғандықтар қандай суды ішеді?

Біздің көптеген қала тұрғындарының пәтерлеріне ағымдағы жылдың ішінде ауыз суға сүзгілерді орнатуды ұсынатын ұйымдардың өкілдері келді. Сонымен қатар, олар суды краннан тексеруді ұсынды. Стаканға суды құйып, бұл стаканға белгілі бір көрсеткіштерді көрсететін қандай да бір аспапты салды, бізге  ауыз судың ластану дәрежесін түсіндірді. Тек біздің бірнешеуімізге   ғана, осы өкілдерінің су талдауды жүргізу өкілеттігін растайтын құжаттарын  сұрауға ой  келді. Тұрғындардың көпшілігі «Біз қандай жаман су ішеміз» деп бас ауыртты және өз үйлеріне, пәтерлеріне краннан ағызылатын суды тазарту үшін сүзгілерді оорнатуға асықты.

Біз оқырмандарды тыныштандырғымыз келеді, біздің су бізге көрсеткісі келетіндей  соншалықты қорқынышты емес.

Біздің қалалықтардың  табиғи сумен жолы болды. Біздің қала тұрғындарына «Жетісу Су құбыры» ҚМКК-мен  берілетін ауыз су бірегей табиғи өнім. Артезиан суы - құрамында тұздар үйлестірілген ең таза су, организмнің тіршілігінде маңызды рөл атқарады. Біздің су қазіргі заманғы нормативтік құжаттаманың барлық талаптарына, Санитариялық Ережелер мен Нормаларға, Қазақстандық және Халықаралық стандарттарға сай. Біздің судың жағымды дәмдік сапасы бар, химиялық құрамы бойынша зиянсыз болып табылады, эпидемиологиялық және радиологиялық көрсеткіштері бойынша қауіпсіз және  қосымша тазартуды қажет етпейді.

Шаруашылық - ауыз сумен жабдықтау үшін су тереңдігі 60-тан 102 м-ге дейінгі жер асты ұңғымадан өндіріледі.

Ұңғымадан су таза су резервуарларына беріледі, онда натрий гипохлоритінің су  ерітіндісімен зарарсыздандыру процесі өтеді. Натрий гипохлоритінің су ерітіндісі профилактикалық мақсаттар үшін ғана ауыз суға қосылады. Натрий гипохлориті бас тоған  құрылыстарында электролиз әдісімен кәдімгі ас тұзынан өндіріледі. Натрий гипохлориті уландырғыш емес, уландыратын заттарға жатпайды, мысалы, хлор, қолдану кезінде ерекше сақтануды талап етпейді.

Тұтынушыларға берілетін ауыз судағы қалдық хлордың концентрациясы  сағат сайын бақыланады.

Қаланың су құбыры желілерін профилактикалық шаюы жылына 2 рет– көктемде және күзде жүргізіледі.

Зертханалық бақылау ауыз су сапасын қамтамасыз ету технологиясының ажырамас бөлігі болып табылады. «Жетісу Су құбыры» ҚМКК ауыз су сапасын бақылау бойынша зертхана сан.эпид.қадағалау органдарымен келісілген өндірістік бақылау бағдарламасына сәйкес, қолданыстағы нормативті құжаттама талаптарына сәйкес  ауыз су, су көздерінің зертханалық-өндірістік бақылауын тарату желісіне (таза су резервуарларда) беру алдында және Талдықорған қаласының бас тоған  колонкаларының бақылау нүктелерінен жүзеге асырады. Зертхана техникалық хабардарлыққа  ҚР Мемстандартымен аттестатталған (ТФ «НаЦЭкС» АҚ 17.10.2011 жыл).

Ұңғымадан суды микробиологиялық және қорытынды көрсеткіштермен зерттеу тоқсанына бір рет және толық хим.талдау жылына бір рет жүргізіледі;

- тарату желісін берер алдында микробиологиялық және органолептикалық көрсеткіштері және қалдық хлорға – күнделікті талдау жүргізеді, қорытынды көрсеткіштері айына бір рет және толық хим.талдау тоқсанына бір рет жүргізіледі;

 

Тарату желісінің бақылау нүктелерінде, яғни қаланың тікелей су құбыры желілерінде күн сайын микробиологиялық және органолептикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізіледі.

Су сынамаларын алу күніне бір рет ( демалыс және мереке күндерінде  де) автокөліктегі сынама алумен өткізіледі.

Осылайша апта ішінде қаланың бүкіл сумен жабдықтау жүйесі талдаулармен қамтылады.

Зертхана бақыланатын көрсеткіштер және өлшеуді атқару әдістемелері талаптарын регламенттейтін барлық нормативтік құжаттамамен  қамтамасыз етілген, толық көлемде қажетті қазіргі заманғы сынау және өлшеуіш құрал-жабдықтармен жабдықталған, мамандармен жасақталған.

Судың химиялық талдауы уақытылы және дәл орындалуы  үшін, ауыз су бас тоған жерлерде көздері қаланың су құбыры желісіне кірер алдында «Капель 105М» аспап пайдаланылады, ол  сульфаттар, хлоридтер, фторидтер, нитраттар, нитриттер, аммоний, кальций, магний және т.б. көрсеткіштерді  анықтау үшін капиллярлық электрофорез жүйесін білдіреді. Талдау жүргізу үшін сондай-ақ,  рН анықтау үшін И-160 МИ аспабы пайдаланылады , және ХАН -2ауыр металдарды анықтауға арналған аспап, амперометрикалық вольт анализатор және ЖР-302 спектрофотометр көптеген хим.көрсеткіштерді, атап айтқанда: нитраттар, нитриттер және т. б. көрсеткіштерді анықтау үшін пайдаланылады.

Сынақтар үлкен еңбек өтілі мен жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандармен жүргізіледі.

Біздің су физиологиялық жағынан толыққанды және республикадағы тазалығы, дәмі, сапалық көрсеткіштері бойынша ең үздіктердің бірі болып саналады және теңгерімдік тұзды құрамы бар. Су құбырлық және қайнатылған суда организмге қауіпсіз тұзды құрам бар. Бізге ұсынылып отырған ақпарат көппәтерлі тұрғын үйлерде тікелей су құбырларын таратушыларының қартайғанынан су өз сапасын өзгертуі мүмкіндігі туралы,  жұмсартып айтқанда, шындыққа жанаспайды.

 

18 қаңтар 2012 жылғы  №104 (су құбырлық сулар үшін) ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген, СанЕжәнеН  нормативтерімен  салыстырғандағы  Талдықорған қаласының сумен жабдықтау жүйесіндегі ауыз судың көрсеткіштері

 

Анықтауыш көрсеткіш

Өлшем бірлік

НД бойынша болатын норматив

Талдықорған қаласының ауыз суы

иісі  20/60

балдар

2

0

Дәмі

балдар

2

0

Түстілігі

градусы

20

0,0

Лайлылығы

мг/л

1,5

0,0

Құрғақ қалдық (жалпы минералдылығы)

мг/л

1000

285,0

Хлоридтер

мг/л

350

4,4

Сульфаттар

мг/л

500

19,5

темір

мг/л

0,3

н/о

мыс

мг/л

1,0

н/о

мырыш

мг/л

5,0

н/о

Қорғасын

мг/л

0,03

н/о

Кадмий

мг/л

0,001

н/о

Фторидтер

мг/л

1,2

0,23

Нитраттар

мг/л

45,0

11,9

Нитриттер

мг/л

3,0

н/о

Аммоний

мг/л

2,0

н/о

қаттылығы

мг-экв/л

7,0

4,1

перманганатты тотығуы

мг/л

5

0,16

Сутектік көрсеткіш

рН бірлік

6-9

7,9

н/о – анықталған жоқ.

Сөз соңында тағы бір рет атап өткім келеді, Талдықорған қаласының сумен жабдықтау жүйесіндегі су қосымша тазартуды қажет етпейді, және қыруар ақшаға бөтелкедегі суды сатып алу қажет емес. Салыстырғанда: «Жетісу Су құбыры» ҚМКК-мен берілетін ауыз судың 1 м3 ( 1000 литр) бағасы халық үшін 88 теңгені құрайды , ал 1 л бөтелкедегі судың бағасы орташа есеппен 50-60 теңге. Сонымен қатар, бөтелке судағы тұздардың кейбір түрлері организм үшін пайдасыз болуы мүмкін,  ал осындай суды ішуге және тамақ дайындауға тұрақты пайдалану тіпті белгілі бір зиян әкелуі мүмкін.

Құрметті біздің Талдықорғандықтар, біздің суды денсаулығыңыз үшін ішіңіз және оның өмірлік ылғалдылығымен рахаттаныңыз!